Жетісу облысының Алакөл ауданының Қабанбай ауылында 2018 жылдың қазан айында психоневрологиялық аурулары бар он сегіз жастан асқан мүгедектерге арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету мақсатында «Жетісу облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Шуақ» Алакөл арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесі ашылды. Стационарлық жағдайда тәулік бойы тұрақты тұруға арналған мемлекеттік меншік насанында стационарлық үлгідегі ұйым. Мекеме директоры Максутбаев Ернур Алибекович, директордың әлеуметтік жұмыс жөніндегі орынбасары Кабдылдаева Жанар Ахметчановна. Мекемеде 40 қызмет алушы және 58 қызметкер еңбек етеді.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығын жүзеге асыру, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету кезінде сапасын, көлемін және шарттарын белгілейтін Стандартқа сәйкес жұмыстар атқару және мүмкіндігі шектеулі жандарды өмірге бейімдеу, әлеуметтік көмек көрсету - мекеменің басты мақсаты. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуі кезінде қызметтерді алушылардың жеке басына қолсұғылмаушылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, стационарлық үлгідегі ұйымдарда қолайлы моральдық-психологиялық жағдай жасау, қызметтерді алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, олардың жеке даму, әлеуметтену және интеграциялану деңгейін арттыруға бағытталған арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету, көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтердің сапасы мен тиімділігін арттыру және мүгедектерді әлеуметтендіру, тұрмысты, еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру және демалыс уақытын, әлеуметте өзара әрекет етуін барынша қолдау сақталып, әлеуметтік жұмыс жөніндегі мамандар, дәрігерлер мен орта буындық медициналық қызметкерлері, психолог, мәдени ұйымдастырушы, еңбек терапиясы жөніндегі инструктор және мұғалімдер қызмет көрсетуде.