«16 Желтоқсан -Тәуелсіздік күні»
Егемен еліміздің ең ұлық, ең қастерлі мерекесі – «16 Желтоқсан -Тәуелсіздік күні». Бұл мереке - еркіндік пен күштің символы болып табылады. Тәуелсіздік алған кезден бері мемлекетіміз барлық даму бағыттарында үлкен жетістіктерге жетті, халықаралық, әлемдік тануға қол жеткізді, үлкен прогресске жетті. Өз Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, өз ана тілін, өз еліміздің даму тарихы туралы, салт-дәстүрін сақтай білуге патриоттық сезімге тәрбиелеу мақсатында «Шуақ» Алакөл арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында қызмет алушылар мен кызметкерлер арасында Тәуелсіздікке арналған мерекелік іс-шара өткізілді. Тәуелсіздік үшін күрескен, желтоқсан құрбандарын еске алып, Тәуелсіз еліміздің жетістіктерімен таныстырып мерекелік іс-шара концерттік бағдарламасымен көңілді өткізілді.
{gallery}000i/2{/gallery}