oC

Қазақстанда қазан айының соңғы жексенбісінде Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күні аталып өтіледі. Әлеуметтік қорғау жүйесі - үлкен жауапкершілік, кәсіби біліктілікпен қатар адами қасиеттерді талап ететін сала. Біздің барлық күш-жігеріміз әлеуметтік қорғауды қажет ететін адамдар игілігіне бағытталған, осыны жүзеге асыру үшін, қызметкерлер қолынан келгенше еңбек етіп, жылыулығы мен мейірімділіктерді осы жандарға беріп келеді. Осы кәсіби мерекеге орай 2021 жыл5ы 28 қазанда «Шуақ»  Алакөл арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күні аталып өтті. Мекеме директоры Максутбаев Ернур Алибекович қызметкерлер мен қызмет алушыларды мерекемен құттықтап, тілегн білдіріп, еңбектерге жеміс, зор денсаулық, ұзақ өмір, отбасыларына таусылмас бақыт пен ынтымақ тіледі. Еңбек терапиясы жөніндегі инструкторының көмегіме қызмет алушылардың жасаған бұйымдары көрсетілді. Қызымет алушылар мерекелік іс-шараға белсенді  қатысты. Уахиева М, Карлышева С, Елюбаева С.,  Байназаров А.әндерін айтып,  Елюбаева С, Бондаренко С., Римов Д, тақпақтарын  оқыды. Қызмет алушылар мен қызметкерлер өте жақсы көтеріңкі көңіл күйде болды. Іс-шара өз мәресіне жетті.

{gallery}147/1{/gallery}