oC

Қазақстан Республикасының тұңғыш президент күні - 1 желтоқсанда жыл сайын аталып өтетін Қазақстандағы мемлекеттік мейрам. Қазақ халқы үшін еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың орны бөлек. Бұл мерекенің 1 желтоқсан болып таңдалу себебі де ерекше. 1991 жылдың 1 желтоқсан күні бүкілхалықтық сайлау нәтижесінде қазақ елінің тұнғыш президенті сайланып, ұлт тарихында жаңа өзгерістер бастау алды. Нұрсұлтан Әбішұлының бастауымен елімізде түрлі іс шаралар, саяси, экономикалық, әлеуметтік реформалар жүзеге асты. Елбасымыздың кемеңгерлік саясаты арқасында қазақ елі өзге елдерге таныла бастады. Ел іргесі, шекарасы нақтыланды, заңмен бекітіліп жеке Қарулы күштері  құрылды. Елбасымыз қазақ халқы үшін аянбай қызмет етті. Сол себепті болар, елбасымыз халық арасында зор құрметке ие. Осыған орай «Шуақ» Алакөл арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы  тұңғыш президент күнін атап өтті. Мерекелік іс-шарада қызмет алушыларға Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев туралы мәліметтер оқылып, концерттік бағдарлама жүргізілді. Қызметкерлер мен қызмет алушылар жақсы әсер алып, көңіл күйлері көтерілді.

{gallery}/-/3{/gallery}