Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні - тарихы тереңде жатқан елдің жаңа заманда өз алдына қайта егеменді ел болған күні. 30 жыл бұрын, 1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан тәуелсіз мемлекет ретінде өз тәуезсіздігін жариялады. Дәл осы күні «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заң күшіне енді. Қазақстанның тәуелсіздігі мемлекет үшін ғана емес, бүкіл халық үшін де маңызды мерекелердің бірі болып табылады. Содан бері 30 жыл бойы тәуелсіз күні мерекесі әр жылдың 16 желтоқсанында аталып өтеді. Осы мерекеге орай «Шуақ» Алакөл арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы 2021 жылғы 15 желтоқсанда Тәуелсіздік күнін атап өтті. Іс-шара мекеме директоры Е. Максутбаевтін құттықтау сөзімен басталды. Қызметкерлер мен қызмет алушыларға арналған «Желтоқсан - тәуелсіздіктің бастауы» атты әдеби музыкалық ертеңгілікте көрініс қойылып, әндер айтылды. Өткізілген шара қызмет алушыларға оң әсер берді.
{gallery}/-/3/1{/gallery}