Жақсылықтың нышанындай, жаның сүйген адамның жып-жылы құшағындай, алтындай тазалығы мен сұлулығын беретін, жайма шуақ сәулелерін төгетін, көңілдерге қуаныштар егетін, имандылық пен қыздардың мінезіндей ибалылық себетін көгілдір көктемнің алғашқы мерекесі, той атаулының қызығы мен берекесі — 8 НАУРЫЗ. Осы халықаралық әйелдер күніне орай "Шуақ" Алакөл арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында 2022 жылдың наурыз айының 4 - інде "Аналар - асыл жандар" атты мерекелік іс-шара өткізілді. Іс шара мекеме башысы Е.Максутбаевтың құттықтау сөзімен басталды. "Аналар - асыл жандар" тақырыбы аясында бүкіл мекемеде аянбай еңбек етіп келе жатқан әріптестер мен қызмет алушыларға сыйлықтар берілді. Іс-шараға қызмет алушылар белсенді түрде қатысып, қызметкерлер мен бірігіп өнерлерін көрсетіп, әндерді айтты. Мерекеге қатысқан және көрермен ретінде отырған қызметкерлер мен қызмет алушылар жақсы әсер алып, көңіл күйлері көтерілді.
{gallery}/-2{/gallery}