oC

«Қарты бардың - қазынасы бар»

“Шуақ” Алакөл арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында 1 -қазан Халықаралық қарттар күніне орай «Қарты бардың - қазынасы бар» тақырыбында мерекелік іс- шара өтті. Үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету – ата-бабадан келе жатқан салтымыз. Қарияларымыздың өмірлік тәжірибелері мен ақыл-кеңестері, тәлім-тағылымдарының біз үшін орны бөлек. Адамның өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі – баланың ата-анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауында.

Қарттар күнін атап өтудегі басты мақсат – орталығымыздың қарт адамдары мен мүгедектігі бар адамдарға, яғни көңілдері мұңға толы ерекше күтімді қажет ететін адамдарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлау. Орталығымыздың қарт қызмет алушыларына арналған мерекелік іс-шараға мекеме қызметкерлері ыстық ықыластарымен шағын концерттік бағдарлама ұйымдастырып, “Ана туралы” әндер орындалып, “Бақыт деген” монологы оқылып, еңбек инструкторларының күзгі жеміс-жидек және көкөністерден дайындалған қолөнер көрмесі қойылды.

{gallery}it11/1{/gallery}