Қазан айының екінші жексенбісі елімізде мүгедектігі бар азаматтардың күні болып белгіленген. Ерекше жандардың құрметіне бүгін Ақжар ауылдық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен мерекелік шара өтті. Мерекелік іс -шараның алғашқы құттықтау сөзі Облыстық маслихаттың депутаты Саятова Баршагуль Ахатовнаның жылы лебізімен басталды.
Концерттік бағдарламада Ақжар ауылдық мәдениет үйінің өнерпаз әншілері мүмкіндігі шектеулі адамдарға арнап бірнеше әсем әндерін айтқанда қуанып, риза болған қызмет алушыларымыз ортаға шығып би биледі.
Ерекше жандар тағдыр тәлкегіне ұшыраса да қызметкерлердің және келген қонақтардың жылы ықыластары мен мейірімдеріне көңіл-күйлері көтеріліп,марқайып қалған жайлары бар.
Бүкіл әлеуметтік сала мамандарының атынан барша ерекше жандарға амандық тілейміз. Еңбектеріңіздің жемісін көріңіздер,- деп мекеме директоры Максутбаев Ернур Алибекович те шара соңында сөз алып,қайырымдылық концерт ұйымдастырып берген мәдениет үйінің директоры Житенов Манарбек Қызырбекұлына және қызметкерлеріне алғысын білдірді.
Бұл мереке бірінші кезекте мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсартып, құқықтарын қорғауға бағытталған. Ал біздің міндетіміз - оларға қандай да бір ерекшеліктері мен шектеулерін сезінбестен толыққанды өмір сүруі үшін жан-жақты қолдау көрсету.
{gallery}it11/2{/gallery}