oC

25 қазан - Республика күні. Ұлттық мерекеге орай “Шуақ” Алакөл арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында арнайы салтанатты шара өтті.

Мемлекеттік Әнұран орындалып, патриоттық тақпақтар мен әндер айтылды. Мекеме директорының әлеуметтік жұмыс жөніндегі орынбасары Кабдылдаева Жанар Ахметқазықызы ұжымды мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдіріп, сөз сөйледі. Қызмет алушылар мен мекеме қызметкерлері мерекелік іс-шара барысында “Отан”, “Туған ел” туралы ән-жыр айтып, отансүйгіштік сезімдерді жандандырып, мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Сіздерді Республикамыздың әр азаматы үшін айтулы мереке – Республика күнімен құттықтаймыз! Бұл күн – ата-бабамыз аңсаған арманның жүзеге асқан, елімізге еркіндік сыйлаған Ұлы күн. Осындай маңызы бар тарихи думанда еліміздің туы асқақтап, келешегі өркендей берсін.

Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға бақыт, сәтті күндер, зор жетістіктер тілейміз!

{gallery}/it13/gallery/1{/gallery}