Жаңа жыл – әлемдегі қуанышқа толы ең ғажайып мерекелердің бірі. Жаңа жыл сиқырлы, әрі қайталанбас таңғажайып мереке деп саналады.
Аталған мереке баршамыздың жадымызға жаңа үміт, жаңа сенім ұялатып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды, өзімізді тап бір ертегі қаһармандарындай сезінуімізге мүмкіндік береді. Көз алдымызға балалық шақтың балдай тәтті елестері келіп, Аяз Ата мен Ақшақарға шын жүректен сеніп,тілегімізді жазғымыз да келеді. Жаңа жыл қарсаңында «Шуақ» Алакөл арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы қызмет алушыларға арнап «Қош келдің, Жаңа жыл!» атты мерекелік іс-шара өткізді. Мереке мекеме директоры Е. Максутбаевтың құттықтау сөзімен басталды. Іс-шара барысында бірнеше ойындар ойнатылып, өлеңдер мен тақпақтар айтылып, әр қызмет алушыға жаңа жылдық сыйлықтар үлестірілді. Қызметкерлер мен қызмет алушылар жылы тілектері мен лебіздерін білдірді. Мереке жақсы көңіл- күй сыйлап, өз мәресіне жетті.
{gallery}it13/gallery/2{/gallery}