oC

2016 жылы тұнғыш рет Алғыс айту күнін атап өтті. 1 наурызды елімізде Алғыс айту күні деп жариялап, бұл ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығынуына негіз болған Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанатты күні. Алғыс айту күні-күрделі заманда иық тіресе бірге еңсеріп, қысқа мерзім ішінде Елбасының басшылығымен Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматтарының бір-біріне құрмет білдіретін күн. "Шуақ" Алакөл арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында мекеме қызметкерлерімен қызмет алушыларының қатысуымен 1 наурыз «Мың алғыс!» атты ашық тәрбие сағаты ұйымдастырылды. Соңында жиналған қауым бір біріне алғыс айтып, ұйымдастырушыларға ризашылығын білдірді.