oC

Наурыз ұлтық бірегеилік пен үйлесімнін, береке мен бірліктін мерекесі. Наурыз - жаңа күннін бастауы. Табиғаттың жаңарып, тіршіліктің жанданып, ниеттің тазарып, жақсылықтың оянатын шағы. Наурыз мерекесін тойлаудың негізгі мақсаты - Қазақстаң жерінде беибітшілік пен достықты нығайту, ұлттық бірегеилікті сақтау, отбасылық құндылықтарды дәріптеу, қоршаған орта, табағатқа ұқыпты қарауды қалыптастыру. Наурыз мерекесі 14-22 наурыз аралығында аталып өтіледі. Әз наурызды отбасылық мерекеге айналдырып, әр бір адам алыстағы ата-анасына салем беріп, ағайын туысты аралап, мейрамды жақындарының арасында қарсы алуға мән береді. Көрісу, Шежіре, Жайлау күні, Дархандық, Шымырлық пен шеберлік, Зияткерлік, Жоралғы күндері мен ұлтық тағамдар, бұқара күндері аталып өткізілуі тиіс. Осыған орай "Шуақ" Алакөл арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында 2022 жылдың сәуір айының 6-сында "Қош келдің - әз Наурыз!" атты мерекелік іс-шара өткізілді. Наурыз – бұл тек көктемнің ғана емес, ең әуелі ізгілік пен жақсылықтың мейрамы. Мерекелік іс-шара кезінде қызмет алушыларға арналып қой сойылып, наурыз көже мен ұлттық тағамдары ұсынылды. Мерекеге барлық қызмет алушылар мен қызметкерлер белсенді түрде қатысып, өздерінің өнерлерін көрсеті. Іс - шара барысында тек ән айтып қана қоймай, спорттық ойындарға да. Іс - шара кезінде әріптестер мен қызмет алушыларды Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесімен құттықтадық. Мерекелік іс-шара мен спорттық ойындар қызмет алушылардың көңілдерін көтеріп, кейін қазақ үйде дайындалған мерекелік дастарқанға жайғасты.

{gallery}/-3{/gallery}