Мұз жастанып азаматтық жолында, Тәуелсіздік туы тұрды қолында.
Жеңіп шықты, бас имеді, тік тұрып, сойыл таяқ ойнаса да жолында.
Желтоқсан-ау, ұмтылмайсың жүректе, ұрпақ өсер айналатын тірекке.
Егемендік тиді міне еншіме. Желтоқсаным, жеткіздің ақ тілекке!
Тәуелсіздік күні - еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті. «Бостандық !» - деп аталатын асқақ арман жолында қаншама қан төгілді, қаншама боздақ мерт болды. Бұл арпалыс бір күн, бір жыл, бір мезет емес, талай ғасырларға созылған. Енді міне бостандыққа қол жеткіздік, ата-бабамыз жете алмай ғасырлар бойы армандап өткен Тәуелсіздікке ие болдық. Қазақ елінің Тәуелсіздік, дербес ел болып, көк байрағын көкке көтергеніне биыл 28 жыл толып отыр. 2019 жылы 13 желтоқсанда «Шуақ» Алакөл арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында Тәуелсіздік күніне орай «Жасай бер, жаса, Тәуелсіз ел –Қазақстан!» атты мереке өткізілді. Қызметкерлер мен қызмет алушыларды мекеме директоры Ернур Алибекович Максутбаев құттықтап, жылы лебізін білдірді. Мерекелік іс-шара концерттік бағдарламамен аяқталды.
{gallery}/13.12{/gallery}.